Уақытты бақылау
Негізгі уақыт 60 минут + беёми (қосымша уақыт) 3 кезеңге 30 секундтан.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау
МакМагон ұпайларының (бастапқы МакМагон ұпайлары + әрбір жеңіс үшін 1 ұпай) максималды санына ие ойыншы Го бойынша Қазақстан ашық чемпионатының жеңімпазы болып саналады. МакМагон ұпайларының саны тең болған екі немесе одан да көп ойыншылар болса, онда орындар Бухгольц және Бергер коэффициенттері арқылы анықталады. Бұл ретте ақшалай сыйлықтар қосымша коэффициенттерді есепке алмай Mакмагон ұпайларының тең санын жинағандар арасында тең бөлінеді.